• Біздің парақшалар:

Джаред Лето Playboy журналының негізін қалаушы Хью Хефнерді ойнайды

Бретт Рэтнер мен Джаред Лето / фото: Charley Gallay/Getty Images North America

Playboy журналының негізін қалаушы Хью Хефнер туралы байопик түсіріледі. Картинада бас рөлде Джаред Лето ойнамақ. 

Фильмге Бретт Рэтнер ("Х-адамдар: Соңғы шайқас") режиссер болады. Өндіріспен RatPac Entertainment компаниясы айналысады. Әзірге жобаның жасалу мерзімі айтылған жоқ.

Хью Хефнер 2017 жылы 28 қыркүйекте қайтыс болды. Оның жасы тоқсан бірде болатын. 1953 жылдан бастап Playboy журналын шығарды және осы күнге дейін басқарып келді. Баспагерлік қызметінен бөлек продюсерлікпен айналысты, бірқатар тележобаларға түсті.

 

Дереккөз: The Hollywood Reporter

Пікірлер