• Біздің парақшалар:

"Ninety one" тобы қатысқан "Қағаз кеме" сериалы 30 қазанда шығады

"Ninety one" тобының қатысуымен түсірілген "Қағаз кеме" сериалы НТК арнасында 30 қазаннан бастап көрсетіледі.

Тележобаға топ продюсері Ерболат Беделханның өзі режиссерлік етті. Негізгі оқиғалар мектеп қабырғасында өрбиді және оқушылардың басынан өтетін түрлі проблемалар сөз болады. Түсірілім локациясы ретінде Бішкек қаласындағы Орталық Азиядағы Америка университеті (American University of Central Asia) таңдалған. 

Рөлдерде Әсел Сәдуақасова (мектеп директоры), Асыл Айдар (вокал мұғалімі) және "Ninety one" тобының мүшелері: A.Z.ALEMACEZaQBALA ойнайды. Трейлерінен сериалдың жасөспірімдерге арналған корей драмаларына ұқсас болатынын байқауға болады.

Трейлер:

Пікірлер