• Біздің парақшалар:

"Қазақстан" телеарнасы "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" сериалын көрсетеді

Видеодан скриншот: "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" сериалының түсірілімі туралы сюжет

"Қазақстан" телеарнасы "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" сериалын көрсетеді. 

Тарихи мелодраманың түсірілімі екі айға созылған. Жоба 6 сериядан тұрады. Дастанның бізге жеткен 17 нұсқасының ішінен Жанақ ақынның жыры таңдалыпты. Сценарий авторы Әннес Бағдаттың айтуынша, аздап әдеби көркемдік тәсілдер қолданылғанмен, оқиға бойынша негізгі желісінен ауытқымаған.

Телехикая түсірілімі Алматы облысы, Ассы үстірті, Еңбекшіқазақ ауданы және Алматы қаласында өтті. Фильмнің бас продюсері – Баян Мақсатқызы. Басты рөлдерде Гүлзада Тұрлаш (Баян сұлу), Ержан Мұқатаев (Қозы Көрпеш), Марат Абай-Ділда (Қодар), Бақтияр Қожа, Жақсыбек Құрманбеков, Тұрсын Тұралиев, Махаббат Сарқытбаева ойнайды.

Теледраманың премьерасы биылға жоспарланған.

 

Дереккөз: "Қазақстан" телеарнасы

Пікірлер