• Біздің парақшалар:

"Тынық мұхиты шебі" сиквелінің трейлері жарияланды

Гильермо дель Тороның 2013 жылғы "Тынық мұхиты шебі" ("Pacific Rim") фантастикалық боевигінің жалғасының алғашқы трейлері жарияланды.

"Тынық мұхиты шебі: Көтеріліс" ("Pacific Rim Uprising") фильмінің оқиғасы бірінші картина оқиғасынан кейін оншақты жыл өткен соң өрбиді. Алғашқы бөлімдегі маршал Пентекостың ұлы ержетеді. Осы кезде кайдзюлардың жаңа түрлері пайда болады. Аңшы-роботтарды басқара алатын білікті адамдарға қажеттілік тағы да туындайды. Джейк Пентекост үшін әкесінің жолын қуып, ерліктің үлгісі болуға мүмкіндік туады.

Басты рөлдерде Джон БойегаСкотт ИствудЦзин ТяньРинко Кикути,т.б. актерлер ойнайды. Фильм режиссері - Стивен С. ДеНайт ("Базбұзар" / "Daredevil"). 

Сиквел 2018 жылы 22 наурызда шығады.

Ресми трейлер:

Пікірлер