• Біздің парақшалар:

Баян Мақсатқызы мен Тұрсынғали Алагөзов мюзиклға түседі

Фото: Instagram / tursengali.alaguzov

Баян Мақсатқызының "Shine Production" компаниясы "СиСиТай" деген комедия-мюзиклдің түсірілімін бастады. Оның өзі жобаға продюсер және басты рөлдердің бірін орындаушы ретінде қатысады.

Баян Мақсатқызы "СиСиТай" деген атауды түсіндірді. Оның айтуынша бұл әзірге жұмыс атау. Сиситай - басты кейіпкердің есімі. Не мағына беретіні фильмді көрген кезде түсінікті болады.

Продюсер жаңа киножобаны барынша сапалы етіп шығару тырысуда. Сондықтан соңғы үлгідегі техника қолданылып, шетелден білікті мамандар шақырылған.

Мюзиклдің режиссері - Ернар Нұрғалиев. Режиссер мен продюсердің бұл алғашқы әріптестігі емес. Нұрғалиев осыған дейін "Shine Production" компаниясының "Өгей жүрек", "Қазақ аруы" мини-сериалдарын түсіріп берген.

Рөлдерде Кәмшат Жолдыбаева, Айгерім Мергенбай. Сондай-ақ Баян Мақсатқызының күйеуі - Тұрсынғали Алагөзов те фильмде эпизод рөл ойнамақ. Бұл бизнесменнің кинодағы дебюті болады.

Фильм 2018 жылы наурызда жарық көреді деп жоспарланған.

 

Дереккөз: Today.kz

Пікірлер