• Біздің парақшалар:

"Еркіндіктің елу реңі" эротикалық мелодрамасының трейлері шықты

Э.Л. Джеймстің эротикалық романының үшінші кітабы бойынша түсірілген фильмнің алғашқы трейлері шықты. "Еркіндіктің елу реңі" ("Fifty Shades Freed") осыған дейін жарық көрген "Сұрдың елу реңі" және "Елу реңге қаралау" мелодрамаларының жалғасы.

Сюжет бойынша Кристиан мен Анастейша үйленіп, бақытты өмір бастайды. Алайда мистер Грейге әлдекім қауіп төндіреді. Ана күйеуінің жаңа қарсыласы өзінің бұрынғы басшысы екенін және ол өш алуды көздегенін біледі.

Басты рөлдегі актерлер өзгерген жоқ, үшіншісін де екінші бөлімнің режиссері түсірді. Премьерасы 2018 жылғы 8 ақпанға белгіленген.

Ресми трейлер:

Пікірлер