• Біздің парақшалар:

Стивен Спилбергтің "Хабар" тарихи драмасына Мэрил Стрип пен Том Хэнкс түсті

Стивен Спилбергтің "Хабар" ("The Post") тарихи драмасының алғашқы трейлері жарияланды. Фильм Пентагонның Вьетнам соғысы туралы құпия материалдары туралы баяндайды.

Картинада басты рөлдерде Мэрил СтрипТом ХэнксСара ПолсонБоб Оденкёрк, т.б. актерлер ойнайды. Сюжеті 1971 жылы болған шын оқиғаға құрылған. "The New York Times" және "The Washington Post" басылымдарының қайсар журналистері Пентагондағы құпия құжаттарды жариялаған болатын. Материалдарда Вьетнам соғысы туралы, АҚШ-тың соғысқа араласу себебі, Америка жауынгерлерінің Камбоджа мен Лаостағы құпия операциялары туралы бұрын-соңды ешкім білмеген мәліметтер айтылды. Осылайша АҚШ президенті әкімшілігінің өтіріктері ашылған болатын.

"Хабардың" әлемдік премьерасы биыл 22 желтоқсанға белгіленген, ал Қазақстанға 2018 жылы ақпанда келуі тиіс.

Ресми трейлер:

Пікірлер