• Біздің парақшалар:

"Star Wars" киноғаламының жаңа трилогиясы жасалады

Райан Джонсон / фото:  Ben A. Pruchnie/Getty Images Europe (2016)

Lucasfilm кинокомпаниясы "Жұлдызды соғыстар" ("Star Wars") киноғаламына кіретін тағы бір трилогия жасалатынын мәлімдеді. Осылайша бұл осы кинодастанның төртінші трилогиясы болады.

Болашақ фильмдерге сценарийші және режиссер ретінде Райан Джонсон тағайындалған. Ол осы желтоқсанда шығатын "Жұлдызды соғыстар: Соңғы джедай" ("Star Wars: The Last Jedi") фильмінің сценариін жазып, түсірген еді.

Сюжетке қатысты әзірге нақты ештеңе айтылған жоқ. Белгілісі - мүлдем жаңа кейіпкерлер мен жаңа оқиға болады. Іске асу мерзімі де белгісіз.

 

Дереккөз: Starwars.com

Пікірлер