• Біздің парақшалар:

Соғыс жылдары "Ленфильм" мен "Мосфильмнің" Алматыға көшуі туралы фильм түсіріледі

"Иван Грозный" фильмінің түсірілу сәті / фото: web-balancer-main.rian.ru

Қазақстан мен Ресей бірігіп, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде "Ленфильм" және "Мосфильм" киностудияларының Алматыға көшуі туралы фильм түсіреді. "Эвакуация" деп аталатын картинада Қазақстанға қоныс аударған режиссерлердің өмірі мен шығармашылығы сөз болады.

Екі елдің осындай келісімі туралы VI Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумы кезінде Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтқан.

"Эвакуацияда" Алматыға көшіп келген соң "Иван Грозный" фильмін түсірген Сергей Эйзенштейн, отандық кино қайраткерлері Шәкен Айманов пен Мәжит Бегалин көрсетіледі.

Әзірге жобаның іске асу мерзімі айтылған жоқ.

 

Дереккөз: Sputnik Казахстан

Пікірлер