• Біздің парақшалар:

"Рэмпейдж" видеоойынына негізделген фильмге Дуэйн Джонсон түсті

1980 жылдары шыққан классикалық "Рэмпейдж" ("Rampage") аркада видеойыны негізінде фильм түсірілді. Картинада басты рөлде Дуэйн Джонсон ойнайды.

Сюжет приматолог Дэвис Окойи төңірегінде өрбиді. Ол ақылды горилла Джорджы бала кезінен бері асырап алған. Генетикалық эксперименттің кесірінен маймыл қаһарлы алыпқа айналып кетеді. Бұдан бөлек модификацияға ұшыраған басқа да жануарлар анықталады. Олар жолындағының бәрін қиратып, тас қалқан қылады. Дэвис Окойи өзге ғалымдармен бірге жаһандық апаттың алдын алуға тырысады.

"Рэмпейджге" Брэд Пейтон режиссер болды. Ол осыған дейін Дуэйн Джонсонның қатысуымен "Сан-Андреас" фильм-катастрофасын және "Саяхат 2: Тылсым арал" ("Journey 2: The Mysterious Island") фэнтезиін түсірген еді.

Фильм премьерасы 2018 жылдың сәуіріне жоспарланған.

Ресми трейлер:

Пікірлер