• Біздің парақшалар:

Эдди Редмэйн мен Фелисити Джонс тағы да ерлі-зайыптыларды ойнайды

Эдди Редмэйн мен Фелисити Джонс тағы да бір фильмде ерлі-зайыптыларды ойнайды. "Аэронавттар" ("The Aeronauts") деп аталатын драма өмірде болған оқиғаға сүйенген.

Фильмде ағылшын зерттеушісі Джеймс Глейшер мен оның әйелі Амелия Ренның басынан өткен бір жағдай көрсетілмек. 1862 жылы олар ауа шарымен теңіз деңгейінен тоғыз мың метр биіктікке көтерілген болатын. Оған дейін де, кейін де ешкім ашық ұшу аппаратымен соншалықты биікке ұшып көрген емес. Олар бірқатар жаңалықтар ашқанымен, атмосфераның жоғарғы қабаттарына жеткенде екеуінің өміріне қауіп төнеді.

Жобаның өндірісімен "Amazon Studios" айналысады. "Үшкір күнқағар" ("Peaky Blinders"), "Соғыс пен бейбітшілік" ("War & Peace") секілді сериалдарды түсірген Том Харпер фильмге режиссерлік етеді. Түсірілім 2018 жылы Лондонда басталады. 

Еске сала кетейік, Эдди Редмэйн мен Фелисити Джонс - физик Стивен Хокинг өміріне арналған "Барлығының теориясы" ("The Theory of Everything") байопик-драмасында басты рөлдерде ойнады.

Пікірлер