• Біздің парақшалар:

"Кек алушылар: Шексіздік соғысы" фильмінің трейлері жарияланды

Marvel студиясының "Кек алушылар: Шексіздік соғысы" ("Avengers: Infinity War") фильмінің трейлері жарияланды. 

Сюжеттің мазмұны белгісіз, бірақ роликтен Кек алушылар мен Галактика сақшылары ғаламның басты зұлымы Таносқа қарсы тұру үшін күш біріктіргенін көруге болады. Фильмде Marvel киноғаламында осыған дейін көрінген қаһармандардың барлығы болады және оларды ойнайтын актерлер құрамы да өзгерген жоқ. Басты антагонист рөлінде Джош Бролин. Фильмге ағайынды Энтони Руссо және Джо Руссо режиссер болды. Олар "Капитан Америка: Қысқы жауынгер" және "Капитан Америка: Азамат соғысы" фильмдерін түсірді.

"Кек алушылардың" үшінші бөлімі 2018 жылы 3 мамырда шығады. 

Пікірлер