• Біздің парақшалар:

НТК арнасы Қанағат Мұстафиннің "Тeleport" фэнтези сериалын көрсетеді

Қанағат Мұстафин "Тeleport" (жұмыс атауы - "Практиканты в музее") деген комедия сериал түсірді. Фэнтези элементтері бар жоба НТК арнасында 4 желтоқсаннан бастап көрсетіледі.

Сюжет бойынша Астананың бір жоғарғы оқу орнының студенттері Ұлттық музейде практикадан өтіп жүреді. Олар көне жәдігерлерді зерттейді, елдің тарихымен танысады, өздері үшін жаңа нәрселер ашады. Кейбір артефактілер өткен шақтың бейнелеріне жан бітіреді.

Сериал ҚР Ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында жасалды. 

Сериалда Айгүл ИманбаеваҒани ҚұлжановЕрнар Жұматаев, Жұлдыз Ерболат, Нұрсұлтан Сыдық, Данияр Ұразаев, Таңсұлу МұзафарӘсел Нұртазина, Нұрдәулет Есболған, Шах-Мұрат Ордабаев сынды актерлер ойнайды.

"Тeleport" әр сериясы 25 минуттық 12 эпизодтан тұрады. Жұмыс күндері 17:00-де көрсетіледі.

Пікірлер