• Біздің парақшалар:

Ридли Скоттың фильмінде Кевин Спейсиді Кристофер Пламмер алмастырды

Ридли Скотт түсірген "Әлемнің бүкіл ақшасы" ("All the Money in the World") қылмыстық драмасының екінші трейлері шықты. Бұл жолы басты рөлдегі Кевин Спейси кадрдан алынып тасталған да, оның орнына Кристофер Пламмер келген. 

Спейсидің басы дауға қалып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу оқиғаларына қатысы бар деп айыпталған соң режиссер оны фильмнен мүлдем сызып тастапты. Қайтадан түсірілім жүргізіліп, оның партиясын Пламмер қайта орындап шықты.

Фильмде ХХ ғасырдағы даулы оқиғалардың бірі айтылады. Римде маска киген қылмыскерлер әлемнің ең бай адамдарының бірі Жан Пол Геттидің немересін ұстап алып кетеді. Алайда Гетти немересін қайтарып алу үшін құн төлеуден бас тартады. Уақыт өткен сайын қылмыскерлердің талабы да күшейе түседі. Жасөспірімді құтқаруға бір ғана үміт қалады - Геттидің қауіпсіздік қызметкері Флетчер Чейс.

Сондай-ақ актерлік құрамда Марк Уолберг пен Мишель Уильямс бар. Фильмнің әлемдік премьерасы биыл 22 желтоқсанға белгіленген. Ал Қазақстанда келер жылы ақпанда көрсетілуі мүмкін.

Ал мынау Кевин Спейсидің қатысуымен шыққан алғашқы трейлер:

Пікірлер