• Біздің парақшалар:

"Мария Магдалина" драмасының алғашқы трейлері шықты

Universal Pictures студиясы "Мария Магдалина" ("Mary Magdalene") драмасының алғашқы трейлерін жариялады.

Фильм Иса пайғамбардың ізбасары, тарихтағы ең құпия тұлғалардың бірі Мария Магдалина туралы баяндайды. Марияны Руни Мара, Исаны Хоакин Феникс ойнайды. Фильмді Австралия режиссері Гарт Дэвис түсірді. Ол былтыр шыққан "Арыстан" драмасымен белгілі.

"Мария Магдалина" 2018 жылы көктемде жарық көреді.

Мария Магдалина - Иса пайғамбардың адал шәкірті ретінде белгілі. Христиан дінінде ерекше құрметтелетін тұлғалардың бірі. Еванглие жазбаларына сәйкес, ол Исаның соңына ерген, пайғамбарды крестке керген сәттің және оның өлімнен кейінгі пайда болуының куәсі болған.

Пікірлер