• Біздің парақшалар:

Forbes: 2017 жылдың рентабелдігі жоғары актерлері

Джереми Реннер / Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

Forbes басылымы 2017 жылдың ең пайдалы актерлер тізімін жария етті. Рейтинг басында Джереми Реннер тұр, оның гонорарына жұмсалған әр доллардан 93,8 доллар пайда келеді екен.

Үздік үштікте Эмма Уотсон мен Скарлетт Йоханссон бар. Біріншісі 1 долларды 70,7 доллар етіп, екіншісі 66,5 доллар етіп қайтарады екен. Төртінші және бесінші орындарда: Эми Адамс (1 доллардан 46,1 доллар) пен Крис Пратт (1 доллардан 34,4 доллар).

Бұл рейтингтен Marvel студиясының суперқаһармандарға арналған фильмдері көрермендер арасында ерекше сұранысқа ие екенін аңғаруға болады, тізімдегі бес актердің үшеуі Marvel-дің кинематографиялық әлемінен. Былтырғы рейтингте де үздік ондықтың тең жартысы осы киноәлемнен еді.

Пікірлер