• Біздің парақшалар:

Forbes: 2017 жылдың ең кассалы актерлері

Вин Дизель / фото: Victor Chavez/Getty Images North America (2017)

Forbes басылымы 2017 жылдың кассалы актерлерінің рейтингін жасады. Әңгіме қатысқан фильмдері арқылы көп қаржылай пайда әкелетін актерлер туралы. Тізім басында - Вин Дизель, оның қатысуымен шыққан фильмдер ("Үш икс: Ксандер Кейдждің оралуы", "Форсаждың тағдыры") прокаттан 1,6 млрд доллар жинаған.

Рейтингтегі келесі орындарға мына актерлер орналасты:

2. Дуэйн Джонсон - $1,5 млрд ("Форсаждың тағдыры", "Судан құтқарушылар", "Джуманджи: Джунглиге қош келдіңіз")

3. Галь Гадот - $1,4 млрд ("Ғажап әйел", "Әділет лигасы")

4. Эмма Уотсон - $1,3 млрд ("Сұлу мен Құбыжық")

5. Джонни Депп - $1,1 млрд ("Кариб теңізінің қарақшылары: Өліктер ертегі айтпайды", "Шығыс экспресіндегі кісі өлімі")

6. Дэйзи Ридли - $1,08 млрд ("Шығыс экспресіндегі кісі өлімі", "Жұлдызды соғыстар: Соңғы джедай")

7. Том Холланд - $888 млн ("Өрмекші-адам: Қайта оралу")

8. Крис Пратт - $864 млн ("Галактика сақшылары. 2 бөлім")

9. Крис Хемсворт - $845 млн ("Тор: Рагнарёк")

10. Джон Бойега - $815 млн ("Сфера", "Жұлдызды соғыстар: Соңғы джедай")

 

Дереккөз: Forbes

Пікірлер