• Біздің парақшалар:

Вайнер Нұрлан Батыров "Проявление" деген хоррор түсірді

Белгілі вайнер Нұрлан Батыров "Проявление" деген кинофильмінің трейлері мен постерін жариялады.

Өзі Instagram парақшасында бұл жобаны хоррор элементтері бар психологиялық фильм деп атады. Өзінің айтуынша бұл идеяны 5 жылдан бері ойластырып жүріпті. Сценарий жазған Батыровтың өзі, ал режиссерлік еткен Нияз Әбдіғапар. Бұрын актерлігімен көрінген Әбдіғапар биыл "Любовь по Наследству" деген алғашы режиссерлік жұмысын шығарғаны белгілі.

Сюжетте қала сыртындағы үйге көшіп келген қарапайым отбасы туралы айтылады. Отбасында Карина есімді әйел, оның күйеуі Ренат және Каринаның сіңлісі Алиса бар. Алиса үйде тағы біреудің бар екенін сезеді. Осыдан бастап олардан маза кетеді.

"Проявление" фильміне Марат Әбішев, Лина Сұлтанова, Дина Тасболатова және Жанель Мақажанова түскен. Премьерасы 2018 жылғы 1 ақпанға белгіленді.

Трейлер:

Пікірлер