• Біздің парақшалар:

"Алтын глобус-2018" жеңімпаздары

Лос-Анджелесте Голливудтың шетелдік баспасөз ассоциациясы (HFPA) тағайындайтын дәстүрлі 75 "Алтын глобус" киносыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Телевидение саласында "Үлкен шағын өтірік" ("Big Little Lies") мини-сериалы ең көп марапатталды, барлығы 4 номинацияда жеңіске жетті. Атап айтқанда "Телевидениедегі үздік мини-сериал немесе телефильм", "Телевидениедегі мини-сериалдың немесе телефильмнің үздік актрисасы", "Телефильмдегі немесе мини-сериалда екінші пландағы үздік актер", "Телефильмдегі немесе мини-сериалда екінші пландағы үздік актриса" аталымдарында үздік шықты. "Малай әйелдің әңгімесі" ("The Handmaid's Tale") және "Таңғажайып миссис Мейзел" ("The Marvelous Mrs. Maisel") сериалдарында екі номинациядан бар.

Телевидение саласы:

  • Үздік драма сериалы: "Малай әйелдің әңгімесі" ("The Handmaid's Tale")
  • Телевидениедегі үздік актер (драма): Стерлинг К. Браун - "Бұл біз" ("This Is Us")
  • Телевидениедегі үздік актриса (драма): Элизабет Мосс - "Малай әйелдің әңгімесі" ("The Handmaid's Tale")
  • Үздік сериал (комедия немесе мюзикл): "Таңғажайып миссис Мейзел" ("The Marvelous Mrs. Maisel")
  • Телевидениедегі үздік актер (комедия немесе мюзикл): Азиз Ансари - "Түк істемеудің шебері" ("Master of None")
  • Телевидениедегі үздік актриса (комедия немесе мюзикл): Рэйчел Броснахэн - "Таңғажайып миссис Мейзел" ("The Marvelous Mrs. Maisel")
  • Телевидениедегі үздік мини-сериал немесе телефильм: "Үлкен шағын өтірік" ("Big Little Lies")
  • Телевидениедегі мини-сериалдың немесе телефильмнің үздік актері: Юэн МакГрегор - "Фарго" ("Fargo")
  • Телевидениедегі мини-сериалдың немесе телефильмнің үздік актрисасы: Николь Кидман - "Үлкен шағын өтірік" ("Big Little Lies")
  • Телефильмдегі немесе мини-сериалда екінші пландағы үздік актер: Александр Скарсгард - "Үлкен шағын өтірік" ("Big Little Lies")
  • Телефильмдегі немесе мини-сериалда екінші пландағы үздік актриса: Лора Дерн - "Үлкен шағын өтірік" ("Big Little Lies")

Кинофильмдер санатында "Леди Бёрд" ("Lady Bird"), "Су пішіні" ("The Shape of Water") фильмдері қос номинациядан жеңіп алды. "Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд" ("Three Billboards Outside Ebbing, Missouri") драмасы 4 аталым бойынша жеңімпаз, соның ішінде "үздік фильм", "үздік актриса" секілді басты номинациялар.

Кино саласы:

  • Үздік драма: "Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд" ("Three Billboards Outside Ebbing, Missouri") 
  • Үздік комедия немесе мюзикл: "Леди Бёрд" ("Lady Bird")
  • Үздік актер (драма): Гари Олдман - "Түнек заман" ("Darkest Hour")
  • Үздік актриса (драма): Фрэнсис МакДорманд - "Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд" ("Three Billboards Outside Ebbing, Missouri") 
  • Үздік актер (комедия немесе мюзикл): Джеймс Франко - "Бейбақ әртіс" ("The Disaster Artist")
  • Үздік актриса (комедия немесе мюзикл): Сирша Ронан - "Леди Бёрд" ("Lady Bird")
  • Үздік анимациялық фильм: "Коко құпиясы"
  • Шет тіліндегі үздік фильм: "Шыдамның шегі" ("Aus dem Nichts") - ГерманияФранция
  • Екінші пландағы үздік актер: Сэм Рокуэлл - "Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд" ("Three Billboards Outside Ebbing, Missouri")
  • Екінші пландағы үздік актриса: Эллисон Дженни - "Мен, Тоня" ("I, Tonya")
  • Үздік режиссер: Гильермо дель Торо - "Су пішіні" ("The Shape of Water") 
  • Үздік сценарий: Мартин МакДона - "Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд" ("Three Billboards Outside Ebbing, Missouri")
  • Үздік ән: "This Is Me" - "Ұлы шоумен"
  • Үздік музыка: Александр Депла - "Су пішіні" ("The Shape of Water") 

Сесил Блаунт Демилль атындағы құрметті марапат: Опра Уинфри

Салтанатты кештің жүргізушісі - комик Сет Майерс.

 

Дереккөз: The Golden Globes

Пікірлер