• Біздің парақшалар:

"Qazaqstan" телеарнасы "Саған сенемін" деген қазақша сериалды эфирге шығарады

"Qazaqstan" ұлттық телеарнасы бүгіннен бастап "Саған сенемін" деген қазақша сериалды эфирге шығарады.

Сюжет бойынша шекара маңындағы шағын ауылда күтпеген жерден түсініксіз жағдайлар орнай бастайды. Алдымен жасөспірім бала тыныш жатқан ауылдан қарудың оқтарын тауып алады. Ал кейіннен ол белгісіз жағдайда көз жұмады. Жергілікті учаскелік полицей тексеріс жүргізуді бастайды. Оған мектептегі психолог маманы көмекке келеді. Психолог қайтыс болған баланың неден өлгенін анықтап, шындыққа жету  үшін барын салады. Және ол осы арқылы өз оқушыларын қорқынышты құбылыстан қорғап қалмақ. 

Телехикаяда басты рөлдерде Динара Абдуллина, Ерлан Кәрібаев, Асхат Үрпеков, Жаннат Ермекова, Әлихан Ыдрышева, Нұркен Өтеуілов, Қайрат Құдайберген ойнайды. Режиссері - Бақтияр Сейітқазы.

20 бөлімнен тұратын тележоба 25 қаңтардан бастап сағат 21:45-те көрсетіледі.

ТВ анонс:

Пікірлер