• Біздің парақшалар:

"Құмырсқа-адам мен Сона" фильмінің алғашқы трейлері шықты

Marvel студиясының "Құмырсқа-адам мен Сона" ("Ant-Man and the Wasp") фильмінің алғашқы трейлері жарияланды.

Фильм оқиғасы "Капитан Америка: Азамат соғысынан" кейін өрбиді. Скотт Лэнг/Құмырсқа-адам (Пол Радд) Кек алушылар командасына қосылуға мүмкіндік алады. Алайда қызынан алыстағысы келмеген ол Сан-Франциско қаласында тұра беруді құп көреді. Оған костюм жасап берген доктор Хэнк Пим (Майкл Дуглас) жаңа жауға қарсы тұруға шақырады. Елес (Ghost) деп аталатын зұлым (Ханна Джон-Кэймен) Пим ойлап тапқан технологияны қолды етпек болады. Жаумен күресу үшін Құмырсқа-адамға Сона (Эванджелин Лилли) көмекке келеді.

"Құмырсқа-адам мен Сона" 2018 жылы 5 шілдеде жарық көреді.

Ресми трейлер:

Алғашқы "Құмырсқа-адам" 2015 прокатқа шыққан болатын. Фильм 130 млн долларлық бюджетпен әлемдік нарықтан 500 миллионнан астам табыс тапты. Ал Қазақстандағы кассалық түсімі 130 млн теңгені құрады.

Пікірлер