• Біздің парақшалар:

Жаңа трейлерлер: Хан Соло, "Орындалмас миссия 6", т.б.

Назарларыңызға америкалық футболдың финалы - Супербоул 2018 трансляциясы кезінде көрсетілген трейлерлерді ұсынамыз.

Соло: Жұлдызды соғыстар хикаясы / Solo: A Star Wars Story

"Жұлдызды соғыстар" кинодастанының спин-оффы. Фильмде контрабандашы Хан Солоның жас кезі, Чубаккамен қалай танысқаны және "Мыңжылдық қыраны" ғарыш кемесіне қалай қол жеткізгені айтылады.

Рон Ховард түсірген фильмнің басты рөлінде Олден Эренрайк, одан бөлек Вуди ХаррельсонЭмилия Кларк және Дональд Гловер секілді жұлдыздар түсті. Осыған дейінгі фильмдерде Хан Солоны Харрисон Форд ойнаған еді.

"Солоның" премьерасы биыл 24 мамырға белгіленген.

Ресми тизер:

 

Орындалмас миссия - Зардап / Mission: Impossible - Fallout

Аттас серияның алтыншы фильмі. Итан Хант (Том Круз) бастаған команда жаңа миссияға кіріседі. Әдеттегідей мықты трюктер мен экшн көріністер болатыны анық.

Премьерасы биыл 26 шілдеде.

Ресми трейлер:

 

Кловерфилд парадоксы / The Cloverfield Paradox

Тылсым мен үрейге толы "Кловерфилд" франшизасының жаңа бөлімі. Джей Джей Абрамс бастап берген жобаның осыған дейін екі фильм шықты: "Кловерфилд" (2008) және "Кловерфилд, 10" (2016). 

Оқиға Жер орбитасында өрбиді. Бір топ астронавт орбита станциясына бұрынғы ауысымды алмастыру үшін келеді. Бұлар құдайдың бөлшегі аталып кеткен теория төңірегінде жұмыс істеуде және Жер бетінде тіршіліктің пайда болу құпиясын ашуға бір табан жақындай түскен еді. Бірақ ғарыштағы зертханада болған қателіктің кесірі үлкен апатқа алып келмек.

Басты рөлдерде Даниэль БрюльЭлизабет ДебикиАксель ХенниГугу Эмбата-РоКрис О’ДаудДжон ОртисДэвид ОйелоуоЧжан Цзыи ойнайды.

Ролик:

Тағы бір ролигі мына сілтемеде.

Фильм Netflix серивисіне 4 ақпанда шықты.

Бұдан бөлек "Қызыл торғай" ("Red Sparrow"), "Кек алушылар: Шексіздік соғысы" ("Avengers: Infinity War"), "Юра дәуірінің әлемі 2: Күйреген патшалық" ("Jurassic World 2: Fallen Kingdom") фильмдерінің роликтері шықты.

Пікірлер