• Біздің парақшалар:

Көктемде әйгілі "Такси" экшн-комедиясының жалғасы шығады

Люк Бессон өзінің әйгілі жобасы - "Такси" ("Taxi") франшизасын қайта жандандыруды шешіпті.

Бұл жолы Даниэль (Сами Насери) пен оның полициядағы досы Эмильен (Фредерик Дифенталь) болмайды. Басты персонаждар ретінде Даниэлдің қарындасы (Сабрина Уазани) мен полиция қызметкерлері (Франк ГастамбидеМалик Бенталха) алынған. Бұрынғы фильмдерден комиссар Жибер рөліндегі Бернар Фарси қатысты.

"Такси" сериясының алғашқы бөлімі 1998 жылы шықты. Одан кейін "Такси 2" (2000), "Такси 3" (2003), "Такси 4" (2007) сиквелдері жарық көрді және бір америкалық ремейкі жасалды (2004).

Бесінші бөлім 2018 жылы 12 сәуірде прокатқа шығады деп жоспарланған.

Ресми тизер:

Пікірлер