• Біздің парақшалар:

"Дэдпул 2" фильмінің трейлері шықты

"Дэдпул 2" ("Deadpool 2") фильмінің трейлері шықты. Фильмде "Х-адамдар" әлемінің зұлымы - Кейбл пайда болады. Ол рөлі Джош Бролин орындайды.

Одан бөлек бірінші бөлімге түскен Райан РейнольдсТиДжей МиллерМорена БаккаринСтефан КапичичБрианна Хилдебранд секілді актерлерді көреміз. Фильмді түсірген Дэвид Литч, ол осыған дейін "Джон Уик" және "Жойқын ақсары қыз" боевиктеріне режиссер болған еді.

Сиквел 2018 жылы 17 мамырда прокатқа шығады.

Трейлер:

Алғашқы "Дэдпул" әлемдік прокатқа 2016 жылы ақпанда шықты. Бюджеті 58 млн долларды құрайды. Бұл жоба R (18+) рейтингіне ие фильмдердің ішіндегі ең кассалы жоба болды. Оның әлемдік табысы 783 млн доллардан асты.

Сондай-ақ назарларыңызға "Дэдпул 2" фильмінің постерлерін де ұсынамыз:

  

Пікірлер