• Біздің парақшалар:

"Веном" фильмінің тизер-трейлері шықты

"Sony Pictures" киностудиясы "Веном" ("Venom") блокбастерінің алғашқы тизер-трейлерін жариялады. Басты рөлде Том Харди ойнайды.

Комикс әлемінде Өрмекші-адамның басты қарсыластарының бірі ретінде белгілі осы кейіпкер туралы жоба бұрыннан айтылып жүр. Осы күнге дейін бірнеше рет режиссер мен сценарийші ауысты, концепциясына бірнеше рет түзету енгізілді. Соңғы ақпараттарға сенсек "Веном" - қазіргі ешбір киноғаламмен байланысы болмайтын дербес жоба алайды. Алайда бұл фильмде Өрмекші-адам пайда болады деген де сыбыс бар. Әзірге бұл туралы ресми ақпарат жоқ.

Фильмге Рубен Флейшер режиссер болады. Ол көпшілікке "Zомбилэнд" ("Zombieland"), "Гангстерлік жасақ" картиналарымен белгілі. "Веномның" премьерасы 2018 жылы 5 қазанға жоспарланған.

Пікірлер