• Біздің парақшалар:

«Қазақфильм» «Қыз бен теңіз» фильмінің трейлерін жариялады

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Қыз бен теңіз» (Девушка и море) әлеуметтік драмасының жұмысы толық аяқталды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген бұл фильмді Әзизжан Заиров пен Мұхамед Мамырбеков тандемі жүзеге асырды.  

«Қыз бен теңіз» фильмінің негізі өмірден алынған оқиғадан тұрады. Бас кейіпкер қыз АРДИ мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар ассоциациясының оңалту орталығы тәрбиеленушісі Динара Шәріпова. Ақ жарқын, еңбекқор, көмек қолын әрдайым созуға дайын тұратын Динара өте өжет. Оның фильмдегі есімі Әсел. Оның бар арманы - махаббатын кездестіріп, отбасын құру және бала табу. 

Фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы қаласында және Қапшағай жағалауында өткен. Фильмге түскендердің барлығы дерлік кәсіби актерлер емес, мүмкіндігі шектеулі адамдар (БЦП диагнозы және психикалық даму бөгелесі бар). Ал бас кейіпкердің әпкесі рөліне театр және кино актрисасы Гүлбахрам Байбосынова түскен.

Трейлер:

Пікірлер