• Біздің парақшалар:

Қазақстандық дебютант режиссер хоррор түсірді

Данияр Ақшабаев есімді режиссер "Во мраке" (қазақша мағынасы - "Түнекте") деген үрейлі картина түсірді. Бұл оның кинодағы алғашқы жұмысы.

Сюжет 3 курс студентінің төңірегінде өрбиді. Ол тау етегіндегі орманда орналасқан бір қарғыс атқан орын туралы біледі. Басты кейіпкер достарын жинап сол жерді барып көрмек болады. Түн болғанда достар тұзаққа ілінгенін біледі. 

Актерлік құрамда Назерке Әмірова, Данияр Байсекеев, Максим Богомолов, Сабина Ералина, Пархат Жалилов, Алмас Үсенов, Рысқұл Қонақбаев деген есімдер бар.

Фильм премьерасы биыл 19 сәуірге белгіленген.

Трейлер:

Айта кету керек, хоррор (үрейлі) - Қазақстан киносы үшін соны жанрлардың бірі. Бұған дейін бұл бағытта санаулы ғана картина шықты. Тізімін біздің базадан көре аласыздар.

Пікірлер