• Біздің парақшалар:

"Әміре" тарихи драмасының трейлері жарық көрді

Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев өміріне арналған фильмнің түсірілім жұмыстары аяқталды. "Қазақфильм" киностудиясы мен "Dar Play" видеосервисі бірігіп түсірген "Әміре" тарихи драмасының алғашқы трейлері жарық көрді.

Халықаралық статусқа ие жоба Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша жасалып отыр. Көркем фильм 2018 жылы 5 сәуірде ұлттық прокатқа шығады. 

Халықаралық түсірілім тобының құрамында: америкалық қоюшы-режиссер Джефф Веспа (Jeff Vespa), оператор – Максим Осадчий («9 рота», «Сталинград») бар. Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) және Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдайды. Сонымен қатар британдық актер Бен Элдридж және америкалық актриса Эбби Корниш, басқа да актерлер қатысады.

Кинотуынды қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың (1888-1934 жж.) қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. 1925 жылы Парижде өткен Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes аясында өткен бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы Әмре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, екінші орынды және күміс медаль иеленді. Фильм, сондай-ақ, дарынды әншінің Мұстафа Шоқаймен кездесуі, джаз орындаушысы Джордж Гершвинмен танысуы және туған жеріне оралғанда басты кейіпкердің бастан кешкен сынақтары туралы сыр шертеді.  

«Әміре» әншінің 130 жылдығына орай шыққалы отыр. Фильмде Әміре Қашаубаевтың репертуарындағы «Балқадиша», «Үш дос», «Дударай», «Бес қарагер» және т.б. әндері орындалады.

Картина Латвия мен АҚШ-та түсірілді. Сондай-ақ фильмнің соңғы түсіру жұмыстары Алматы облысы Үшқоңыр ауылының маңында жүргізілді.  

Киножобаның бас продюсері - Алидар Өтемұратоватқарушы продюсерлері – Әсет Кенжебаев және Анна Чакиртова. Тарихи кеңесші – Әміре Қашаубаев туралы бірнеше еңбектердің авторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрімов.

Ресми трейлер:

Дереккөз: Қазақфильм

Пікірлер