• Біздің парақшалар:

Ұлттық ұлан сарбазының ерлігі туралы "Алтыншы бекет" боевигі шығады

«Хабар» Агенттігі Қазақстандық сарбаз Ербол Отарбаевтың ерлігі туралы сериал түсірді. 5 бөлімнен тұратын экшн-телехикая өмірде болған оқиғаға құрылған. 

«Аю синема» компаниясымен бірлесіп жасалған «Алтыншы бекет» («Шестой пост») фильмі осыдан сегіз жыл бұрын әскерде өз борышын өтеп жүрген Ербол Отарбаев туралы. 2010 жылдың 22 маусымы. Маңғыстау облысы. ГМ 172/1 түзеу колониясынан жат ағымның жетегінде кеткен 21 тұтқын қашуға бел буады. Алайда қарауылда тұрған жас сарбаз тұтқындардың теріс пиғылын сезіп қап, қылмыскерлердің жолына тосқауыл болады. Ербол Отарбаев осы ерлігі үшін Елбасы Жарлығымен III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Бүгінде ол Ұлттық Ұланның офицері. 

Жоба көрерменге екі форматта ұсынылады. Толықметражды кинонұсқасы 2018 жылы 15 наурызда кинотеатрлардан көрсетілмек. Тіпті Ресейдің бірнеше қаласында прокатқа шығару жоспарланған. Ал 5 сериялы нұсқасы осы көктемде «Хабар» арнасының эфиріне шығады.

Туындының режиссері – Серікбол Өтепберген. Басты рөлдерде Санұржан СүлейменовҚажымұқан Қалымбетов, Ғани Құлжанов, Саят Исембаев, Ерболат Тоғызақов, т.б. актерлер бар.

Трейлер:

Сондай-ақ Moldanazar тобы осы фильмнің саундтрегін орындайды. "Қараңғы" деп аталатын композицияның клипі шықты:

 

Дереккөз: "Хабар" агенттігі

Пікірлер