• Біздің парақшалар:

"Қара Пантера" блокбастерінің әлемдік табысы 1 миллиард доллардан асты

Marvel студиясының "Қара Пантера" блокбастерінің әлемдік табысы 1 миллиард доллардан асты. 

Соңғы ақпаратқа сәйкес Солтүстік Америкадан 562 миллион, басқа елдерден 516 миллион доллар тапқан. Фильмнің Қытайдағы старты ерекше назарға ілікті: алғашқы екі күннің ішінде осы елден 50 миллион доллар касса жинаған. 

Өткен аптаның дерегі бойынша "Қара Пантераның" Қазақстан прокатындағы табысы 375 миллион теңгеден асқан. Бұл үш аптаның жиынтығы.

Marvel студиясы фильмнің екінші бөлімін түсіруді жоспарлап отыр.

 

Дереккөз: Box Office MojoEntertainment Weekly, Меломан

Пікірлер