• Біздің парақшалар:

Екінші "Фантастикалық жануарлардың" алғашқы трейлері шықты

Warner Bros. студиясы "Фантастикалық жануарлар: Грин-де-Вальдтың қылмысы" ("Fantastic Beasts: The Crimes of Grindelwald") фильмінің алғашқы трейлерін жариялады. Бұл фэнтези Гарри Поттер туралы киносериалдың приквел спин-оффы және 2016 жылы шыққан "Фантастикалық жануарлар және оларды қайдан табамыз" картинасының жалғасы.

Трейлерде актер Джуд Лоуды сиқыршы Альбус Дамблдордың жас кезі рөлінде көруге болады. Джонни Депп антагонист Геллерт Грин-де-Вальдты сомдайды. Ал басты рөлдерде бірінші фильмнен белгілі Эдди РедмэйнКэтрин УотерстонЭзра МиллерЗои Кравиц, т.б. актерлер бар. Фильмді қойған Дэвид Йэтс, ал сценарийді жазған - әдеби түпнұсқаның авторы Дж.К. Роулинг.

Бірінші фильмнің соңында құдыретті қара сиқыршы Геллерт Грин-де-Вальд МАКУСА (Америка Құрама Штаттарының Магия Конгресі) қызметкерлерінің қолына түскен еді. Қара маг абақтыдан қашып шығып, өз жақтастарын жинайды. Ол сиқыршылардың қарапайым адамдардан жоғары тұрғанын қалайды. Грин-де-Вальдтың жоспарына тосқауыл болу үшін Альбус Дамблдор бұрынғы студенті Ньют Саламандерден көмек сұрайды. Кейіпкерлерді қауіпті сынақ күтіп тұр.

"Фантастикалық жануарлар 2" прокатқа биыл 15 қарашада шығады.

Ресми тизер-трейлер:

Мына сілтемеден фильмнің орысша дубляждалған трейлерін көруге болады.

Пікірлер