• Біздің парақшалар:

"Qazaqstan" телеарнасы "№7 бөлімше" қылмыстық драмасын эфирге шығарады

"Qazaqstan" телеарнасы "№7 бөлімше" қылмыстық драмасын эфирге шығарады. Сериалда ата-анаға құрмет, махаббат, бауырмалдық пен еңбекқорлық, адамгершілік пен әділдік секілді мәселелер қозғалады.  

"7 бөлімшеде" аса қауіпті қылмыскерлермен айналысатын ағайындылардың басты мақсаты – кек қайтару емес, істің мән-жайын анықтау. Телехикаяның әрбір бөлімі екі оқиға желісінде өрбиді. Алғашқысы ағайындылардың әртүрлі қылмыстық істерді ашу барысында әке өліміне қатысты қылмыскердің кім екенін анықтау болса, екіншісінде олардың арасындағы бауырмалдық, отбасылық құндылықтарды сақтауға талпыну секілді өмірлері көрсетіледі.

7 бөлімнен тұратын фильмнің режиссері Асқар-Мұхит Сатыбалдыұлы. Басты рөлдерде егіз актерлер Ғабит Мұстафа мен Сәбит Мұстафа.

Сериал 17 наурыздан бастап көрсетіледі. Трансляция уақыты 15:40.

Дереккөз: kaztrk.kz

Пікірлер