• Біздің парақшалар:

Джеймс Бонд туралы 25 фильмді Дэнни Бойл түсіреді

"Бондиананың" жиырма бесінші фильмінің режиссері белгілі болды. Metro басылымының ақпаратына сенсек, Джеймс Бонд туралы келесі картинаны Дэнни Бойл түсіреді.

Қазір сценарий жұмыстары жүріп жатыр екен. Сюжетін жасау міндеті франшизаның "Скайфолл" эпизодына қатысқан Нил Первиске және Роберт Уэйдқа тапсырылған. Бұған енді Дэнни Бойлдың өзі атсалысуы мүмкін.

Агент 007 туралы мерейтойлы фильм 2019 жылы 8 қарашада шығады деп жоспарланған. Басты рөлге Дэниэл Крэйг қайтып оралмақ. 

Дэнни Бойл - ағылшын режиссері, продюсер, сценарийші. Оның қолынан "Трейнспоттинг", "Жағажай" ("The Beach"), "28 күннен соң..." ("28 Days Later..."), "Жарлыдан шыққан миллионер" ("Slumdog Millionaire"), "127 сағат" ("127 Hours"), "Транс", т.б. хит фильмдер шықты. "Жарлыдан шыққан миллионер" үшін үздік режиссер ретінде "Оскар" алды.

Пікірлер