• Біздің парақшалар:

Қазақстан киносыншылары 2017 жылдың үздіктерін марапаттады

20 наурызда Алматының "Арман" киноорталығында Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастыратын IV "Выбор критиков" ("Сыншылар таңдауы") сыйлығымен марапаттау шарасы өтті. Биыл салтанатты кешті актриса Карина Жұмалиева мен телекомментатор Нұржан Еркінұлы жүргізді.

Биылғы труимфатор деп "Оралман" картинасын айтуға болады. Фильм сыншылардың үш жүлдесіне ие болды.

13 номинация бойынша жеңімпаздар мыналар:

  1. Үздік фильм - драма: "Оралман" - Тәңірберген Қажиев, Ержан Ахметов
  2. Үздік фильм - комедия, экшн: "Арман" - Күлзира Айдарбекова, Рая Адығанова
  3. Үздік режиссер: Серік Апрымов - "Әкеге қоңырау шалу"
  4. Үздік сценарий: "Грязь большого города" - Нариман Төребаев, Талғат Шағамбаев
  5. Үздік операторлық жұмыс: "Она" - Азамат Дулатов
  6. Үздік қоюшы-суретші жұмысы: "Оралман" - Рустем Одинаев
  7. Үздік еркек рөлі: Дулыға Ақмолда - "Оралман"
  8. Үздік әйел рөлі: Жұлдыз Әбдікәрімова - "Арман"
  9. Екінші пландағы үздік еркек рөлі: Ерболат Оспанқұлов - "Әкеге қоңырау шалу"
  10. Екінші пландағы үздік әйел рөлі: Данагүл Темірсұлтанова - "Келинка тоже человек"
  11. Үздік ән: «Mooz» - 91 ("Ninety one")
  12. Үздік фильм музыкасы: Әбілқайыр Жарасқан - "Неделимое"
  13. Үздік қысқаметраж фильм: "Самал" - Шұғыла Сержан

"Сыншылар таңдауының" номинацияларына 2017 жылы прокатқа шыққан немесе қоғамдық көрсетілімде болған отандық кинофильмдер арасынан іріктелді. Марапаттаудан бұрын былтырғы үздік фильмдердің марафоны болды, соның аясында жүлдеге үміткер кинотуындылар көрсетілген еді. 

Қазақстан киносыншыларының ассоциациясы 2014 жылы "Орталық Азия кинематографиясының орталығы" қоғамдық қорының негізінде құрылған. Бұл бірлестікке қазір 13 тәуелсіз сарапшы кіреді: Гүлнар Әбікеева (ассоциация президенті), Олег Борецкий, Карим Кадырбаев, Ольга Малышева, Төлеген Байтөкенов, Инна Смаилова, Дмитрий Мостовой, Александра Поршнева, Ғалия Байжанова, Гүлажар Машрапова, Баубек Нөгербек, Назира Мұқышева және Мәди Мәмбетов.

Пікірлер