• Біздің парақшалар:

КТК телеарнасы Берік Айтжановтың қатысуымен "Красный уровень" сериалын көрсетеді

КТК телеарнасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экстремистермен күресі туралы "Красный уровень" ("Қызыл деңгей") сериалын көрсетеді.

Телефильм сюжеті соңғы жылдары Қазақстанда болған қайғылы оқиғаларға негізделген. Бас кейіпкер, ҰҚК тергеушісі Ернар Есенгелдиев бірқатар қатыгез қылмыстарды тергеп жүріп кенеттен экстремистік топтың ізіне түседі. Бұл топтың Қазақстан астанасында бірден бірнеше террорлық шабуыл жасауды жоспарлағаны мәлім болады. Мыңдаған бейбіт азаматтардың өміріне қауіп төнеді. Сонымен бірге майор Есенгелдиевтің жеке өмірінде де дағдарыс туып, ең жауапты сәтте ол сатқындыққа тап болады.

Рөлдерде Берік Айтжанов, Тәуекел Мүсілім, Сая Оразғалиева, Филипп Волошин, Нышанбек Жұбанаев түскен. Сериалға ресейлік Валерий Мызников ("Глухарь. Продолжение") режиссер болған.

Көп сериялы телефильм 2018 жылғы 31 наурыз – 1 сәуір аралығында сағат 22:00-де эфирге шығады.

ТВ анонс:

Пікірлер