• Біздің парақшалар:

Алматыда тоғызыншы рет "Бүгінгі француз киносы" фестивалі өтеді

2018 жылы 12-15 сәуір аралығында Қазақстанда тоғызыншы «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалі өтеді. Кинофестиваль әдеттегідей көрерменге француз киносының ең үздік жұмыстарын ұсынады.

Биылғы жылдың бағдарламасына кірген фильмдер түрлі жанрларды қамтиды: комедия, мелодрама, экшн және «Қысқа метр» бағдарламасы. Қазақстандық киносүйер қауымға Люк Бессон продюсерлік еткен «Такси 5» боевигі, Жан Дюжарденнің қатысуымен «Әркімнің өз өмірі бар» комедиясы, Изабель Юппер түскен «Мадам Хайд» картинасы және басқа да жаңа кинофильмдер ұсынылады. 

Фестивальға француз кинематографистері қатысады. Фестивальдің ашылуы мен жабылуы, сонымен қатар негізгі көрсетілімдері әдеттегідей UniFrance агенттігі және оның басты әріптестері – Францияның Қазақстандағы елшілігі мен Алматыдағы Француз альянсы ұйымдастырған фестивальдің басты алаңына айналған «Арман» киноорталығында өтеді. 

IX «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалінің бағдарламасын мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады. 

Пікірлер