• Біздің парақшалар:

Джейсон Стэтхэм түскен Мегалодон туралы фильмнің трейлері шықты

Warner Bros. студиясы Мегалодон туралы "Мэг"("The Meg") боевигінің алғашқы трейлерін жариялады. Басты рөлде Джейсон Стэтхэм.

Британ актері Джонас Тэйлор есімді палеонтология профессорын ойнайды. Тынық мұхитының түбінен жойылып кетті деп саналған алып акула табылады, алайда профессордан басқа ешкім бұған сенбейді. Тереңге сүңгитін экспедиция су астында қалып қояды. Джонас Тэйлор соларды құтқару үшін Мегалодонмен бетпе-бет келмек.

"Мэг" Стив Альтеннің 1997 жылғы аттас шығармасына негізделеді. Фильмді түсірген Джон Тёртелтауб. 150 миллион долларлық бюджеті бар ауқымды жобаның премьерасы 9 тамызға белгіленген.

Ресми трейлер:

Пікірлер