• Біздің парақшалар:

"Оушеннің сегіздігі" фильмінің алғашқы трейлері шықты

Warner Bros. Pictures студиясы "Оушеннің сегіздігі" ("Ocean's 8") фильмінің алғашқы трейлерін жариялады.

Стивен Содербергтің "Оушеннің он бірі" ("Ocean's Eleven") және оның екі жалғасынан айырмашылығы - бұл картинаға кілең әйелдер қатысқан. 

Басты кейіпкер - Дэбби Оушен, түпнұсқа трилогиядағы Дэнни Оушеннің (Джордж Клуни) қарындасы. Ол түрмеге отырып шыққаннан кейін қылмыс әлемімен қоштасуға асықпайды. Дэбби команда жасақтап, тонау операциясын ұйымдастырмақ болады. Сол үшін дарынды қыздарды айналасына жинайды. Тонаушылар тобы бірнеше миллион доллар тұратын әшекейді қолды етпек.

Оушеннің сегіздігін ойнайтын актрисалар: Сандра БуллокКейт БланшеттЭнн ХэтэуэйХелена Бонем КартерСара Полсон, әнші РианнаМинди Кейлинг, рэпші қыз Аквафина. Олардан бөлек Ричард АрмитеджМэтт ДэймонДжеймс КорденОливия МаннДакота Фаннинг секілді әртістерді көреміз.

Фильмге Гэри Росс ("Плезантвиль", "Фаворит", "Аштық ойындары") режиссер болды. Премьерасы 2018 жылдың маусымына белгіленген.

Ресми трейлер:

Пікірлер