• Біздің парақшалар:

«Қазақфильм» студиясы «Шыңырау» фильмінің трейлерін жариялады

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Шыңырау» толықметражды көркем фильмнің түсіру жұмыстары аяқталды. Кинотуындының қоюшы режиссері әрі сценарий авторы - Жаңабек Жетіруов, ал жоба Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша жасалды.

Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі бойынша түсірілген көркем фильм Еңсеп есімді құдықшының өмірін, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін қиындықтар туралы, атап айтсақ, бақталастық, менмендік, махаббат, достық пен сатқындық туралы баяндайды. 

Түсірілімнің барлығы дерлік Маңғыстау облысында өтті. Фильмде  Қарақия ойысы, Үстірт шоқысы және Каспий теңізі көрініс табады. Түсірілімдер үшін Форт-Шевченко қаласына жақын жердегі Қанға ауылында декорациялар тұрғызылып, елді-мекен фактураланды. Фильмдегі басты рөлдерді Асылхан Төлепов, Алдабек Шалбаев және Айжан Жетіру сомдады.

Ресми трейлер:

Пікірлер