• Біздің парақшалар:

Осы аптада «Облако на крыше» деген отандық фэнтези прокатқа шығады

«A'Star Film» және «Bayterek production» компаниялары түсірген «Облако на крыше» көркем фильмі жалпыұлттық прокатқа биыл 26 сәуірден бастап шығады. Аталмыш фильмге Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы техникалық қолдау көрсетті. Фильмнің сценарий авторы әрі қоюшы-режиссері – актер, режиссер, композитор Әлішер Сүлейменов. 

Фильм авторларының айтуы бойынша бұл картина Қазақстандағы алғашқы қалалық сага-фэнтези. Туынды мәңгілікке жауласып келе жатқан Жақсылық пен Жамандықтың күресін қалалық жастардың түнгі өмірі мен күнделікті тіршілігі арқылы баяндайды. 

Фильм көптің бірі боп жүрген жігіттің өмірін өз ойындарының ойыншығы еткен Періште пен Әзізіл туралы. Екеуі келісімге келіп, сыртынан бақылау жасап, Тимур есімді жігіттің өміріне араласады. 

Барлық түсірілімдер Алматы қаласында өткен. Түсірілім локациялары ретінде қаланың түнгі клубы мен биік ғимараттың шатыры алынған. Кейіннен сахналар арнайы эффектілер мен компьютерлік графика арқылы қажетті қалыпқа келтірілген. 

Фильмдегі басты рөл жас актер, режиссер және сценарист Диас Әзімжанға бұйырған. Ол Нью-Йорк киноакадемиясын бітіріп, «кино және ТВ режиссурасы» мамандығы бойынша магистр атанған. Айта кетелік, бұл оның толықметрлі кинодағы алғашқы рөлі.

Диас Әзімжан режиссер ретінде үш қысқамтеражды фильм түсіріп, "Direct Monthly Film Festival", I Республикалық "Байқоңыр" кинофестивалі, "Los Angeles CineFest", "Barcelona Planet film festival",  "Indie Wise virtual film festival" кинофорумдардың лауреаты атанған.

Сондай-ақ, фильмге Вахид Изимов, Камилла Нұғманова, Қазына Әбдірахман, Мәдина және Медина Тәліпбек, Үсенжан және Асанжан Сұлтановтар, т.б..

Ресми трейлер:

Дереккөз: "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі.

Пікірлер