• Біздің парақшалар:

Жаңа "Жыртқыштың" трейлері шықты

20th Century Fox студиясы Хищник атанған бөгдепланеталық туралы франшизаның жаңа бөлімін прокатқа әзірлеп жатыр. "Жыртқыш" ("The Predator") деген болашақ фильмнің трейлері жарық көрді.

Жаңа бөлім түпнұсқа франшизаны жаңғыртады (ребут) деп айтылуда. Сондай-ақ түпнұсқа картинаға (1987) да сілтемелер болады. Өйткені режиссер Шейн Блэк осы фильмге сценарий жазу барысында бірінші "Жыртқышты" басшылыққа алыпты.

Теңіз жаяу әскерінде қызмет еткен басты кейіпкер Жерге келген бөгдепланеталық нәсіл өкілдерін табады. Алайда оған ешкім сенбейді. Оның аутист ұлы Жыртқыштармен күресу жолында басты тұлғаға айналмақ. Өйткені бала тіл үйренуден алдына жан салмайтын алғыр, сондықтан келімсектерді түсінуге көмектесуі тиіс.

Негізгі рөлдерде Бойд ХолбрукТреванте РоудсДжейкоб ТремблейКигэн-Майкл КиОливия Манн, т.б. актерлерді көреміз. Премьерасы 2018 жылғы 13 қыркүйекке белгіленген.

Ресми тизер трейлері:

Жыртқыш туралы франшизаға үш негізгі фильм кіреді:

"Жыртқыш" ("Predator"), 1987 жыл

"Жыртқыш 2" ("Predator 2"), 1990 жыл

"Жыртқыштар" ("Predators"), 2010 жыл

және "Бөтен" франшизасымен бірігіп, екі кроссовер жасалды:

"Бөтен Жыртқышқа қарсы" ("AVP: Alien vs. Predator"), 2004 жыл

"Бөтен Жыртқышқа қарсы - Реквием" ("AVPR: Aliens vs Predator – Requiem"), 2007 жыл. 

Пікірлер