• Біздің парақшалар:

"Хабар" арнасы "Время" деген қылмыстық драмасын көрсетеді

15 мамырда "Хабар" телеарнасында "Время" драма сериалы басталады. Негізгі рөлдерде белгілі актерлер де, актерлік жолға енді түскен жастар да көрінеді: Жан Байжанбаев, Олжас Тоғымбет, Азиз БейшеналиевНұржан Садыбеков, Нұржан Әуезхан, Ринат Маделин, Владимир Кащенко, Дмитрий Қырықбаев, Татьяна Тарская.

Сюжетте тағдыр тоғыстырған төрт адамның өмірі сөз болады. Олар бір ауруханада жолығады. Төртеуіне де қауіпті диагноз қойылады, көп кешікпен олар өмірмен қош айтыспақ. Осы кезде Жомарт Асхатович деген бизнесмен кейіпкерлерге ұсыныс тастайды: өмірдің қалған уақытын жақсы іс жасап аяқтау. Сол үшін бизнесмен оларға ақша төлеп тұрмақ. Бастапқыда бұл ұсынысқа келіседі, алайда уақыт өте келе Давид есімді кейіпкер әлденеден күдіктене бастайды. Нағыз шиеленіс осыдан басталады.

Жобаға сценарий жазған Мейірхан Шерниязов пен Мейіржан Төребаев. Режиссерлік еткен Дмитрий Қырықбаев.

ТВ-анонс:

Пікірлер