• Біздің парақшалар:

Маусымда Сталлоне ойнаған "Қашу жоспары" боевигінің жалғасы шығады

Сильвестр Сталлоне ойнаған 2013 жылғы "Қашу жоспары" ("Escape Plan") боевигінің жалғасы шығады. Lionsgate студиясы "Escape Plan 2: Hades" ("Қашу жоспары 2: Тозақ") фильмінің алғашқы трейлерін жариялады.

Фильмге Стивен С. Миллер режиссер болған. Басты рөлдерде - Сильвестр СталлонеДэйв БатистаКертис ДжексонДжейми Кинг пен Хуан Сяомин. Бірінші фильмде ойнаған Арнольд Шварценеггер екіншіге түскен жоқ.

Басты кейіпкер Рэй Бреслин әлемдегі ең қиын абақтылардан қашуға маманданған команданы басқарады. Оның сенімді серігі Шу Ренді ұстап алып, қашу мүмкін емес түрмеге қамап тастайды. Рэй досын құтқару үшін тағы бір қашу жоспарын ойластырады.

Сиквел Америкада бірден Blu-Ray және цифрлық жолмен таралмақ. Қазақстан прокатында 21 маусымда көрсетілуі тиіс.

Трейлер:

Пікірлер