• Біздің парақшалар:

"Қара киімділер 4" фильмінде Крис Хемсворт пен Тесса Томпсон ойнайды

Тесса Томпсон мен Крис Хемсворт / фото: Alberto E. Rodriguez / Vanity Fair

"Қара киімділер" ("Men In Black") франшизасының жалғасына қатысты жаңа ақпарат пайда болды. Әлде спин-офф, әлде кезекті серия болатын болашақ жобаның түсірілімі биыл жазда басталмақ.

Әзірге "Қара киімділер 4" деген шартты атауы бар фильмде басты рөлдерде Крис Хемсворт пен Тесса Томпсон ойнайтын болыпты. Екеуі осыған дейін "Тор: Рагнарёк" кинокомиксінде бірге жұмыс істеген еді.

Сондай-ақ актерлік құрамға Лиам Нисон қосылған. Фильмді Ф. Гэри Грей ("Комптонның тура өзінен", "Форсаждың тағдыры") түсіреді. Түпнұсқа трилогияда агент К мен агент J-ді ойнаған Уилл Смит пен Томми Ли Джонс жалғасына түспейді, алайда олардың кейіпкерлері туралы айтылатын болады.

Жаңа бөлімнің премьерасы 2019 жылдың мамырына жоспарланған.

Айта кетелік осыған дейін Sony Pictures киностудиясы "Қара киімділер" және "Джамп көшесі" франшизаларын біріктіріп, кроссовер жасайды деген ақпар тараған еді.

 

Дереккөз: Variety

Пікірлер