• Біздің парақшалар:

Дени Вильнёвтің "Сикарио" триллерінің жалғасы жазда шығады

Биыл жазда Дени Вильнёвтің 2015 жылғы "Жендет" ("Sicario") триллерінің жалғасы шығады. 

Фильмге бұл жолы Стефано Соллима режиссер болды. Бұл итальян қоюшысы "Гоморра" ("Gomorra: La serie") сериалын түсірген маман ретінде белгілі. Бірінші фильмде басты рөлде ойнаған Эмили Блант актерлік құрамда жоқ. Алайда оның осы жоба бойынша серіктестері Бенисио Дель Торо мен Джош Бролин сиквелге түсті.

Екінші бөлімнің атауы - "Жендет: Сарбаздың күні" ("Sicario: Day of the Soldado"). Премьерасы 2018 жылғы 28 маусымға белгіленген.

Ресми трейлер #2:

Сондай-ақ:

Ресми тизер трейлері

Ресми трейлер #3

Пікірлер