• Біздің парақшалар:

Ілияс Есенберлиннің "Ғашықтар" романы экранизацияланып жатыр

"Ғашықтар" романының мұқабасындағы сурет

Ілияс Есенберлиннің "Ғашықтар" романының желісі бойынша сериал түсірілуде. "Хабар" телеарнасының тапсырысымен жасалып жатқан жоба шығарманың жарық көргеніне 50 жыл толуына орайластырылған.

1968 жылы шыққан кітаптың оқиғасы Кеңес заманында өрбісе, экранизацияның сюжеті біздің заманға бейімделген. Алайда сценарийшілер кейіпкерлердің характерін әдеби түпнұсқадан алшақтатпауға тырысқан.

Рөлдерден Азат Тұрарбеков, Гүлмира Хасанова, Азат Сейітметов және Ербол Ыдырысов секілді актерлерді көреміз. Режиссерлік еткен Гүлбаршын Әбуова.

12 сериялы махаббат хикаясы Алматы облысынан бастап Астана, Бурабай маңында түсірілген. Телетуынды көрерменге биыл шілде айында жол тартады.

"Ғашықтар" романында жастардың жалынды, адал махаббаты, моралдық, адамгершілік қасиеттері әңгіме болады. Шығарманың бас кейіпкерлері: мүсінші Жантас, құрылысшы Аяужан, хирург Шерубай, манекенші қыз Ұлболсынның басынан кешкендері, жастық, албырттық сезімдері, әрқайсысының бірте-бірте адамгершілік биігіне көтерілуі суреттеледі.

Пікірлер