• Біздің парақшалар:

Марқұм Вера Глаголеваның соңғы фильмінің трейлері шықты

2017 жылы қайтыс болған орыс кинематографшысы Вера Глаголеваның соңғы картинасының трейлері шықты. "Не чужие" деп аталатын драмада басты рөлдердің бірін қазақ актері Санжар Мәди ойнайды.

Жоба бастапқыда "Глиняная яма" (қазақша мағынасы - "Саз шұңқыр") деп аталды. Өндіріске Қазақстан да қатысуы мүмкін екені айтылған еді. Сценарий Ольга Погодина-Кузьминаның аттас пьесасы негізінде жазылған. Бұл өмір туралы, ұлтаралық қарым-қатынас пен адамгершілік туралы заманауи драма.

Картина провинциядағы қалада тұратын отбасы - анасы (Татьяна Владимирова) мен оның екі қызы туралы баяндайды. Кіші қызы Мила (Лилия Волкова) үлкен қаладан туған үйіне келеді. Үлкен қыз Галина (Анна Капалева) Орта Азиядан келген Рустам (Санжар Мәди) есімді жігітке күйеуге шыққалы жатқанын хабарлайды. Анасы қызының бұл таңдауын құптамайды. Мила болса бұл жігітті ұнатып қалып, оны әпкесінен тартып алмақ болғанда жағдай шиеленісе түседі.

Түсірілім 2017 жылы көктемде басталды. Ал сол жылы тамызда режиссер асқазан рагынан қайтыс болды. Вера Глаголева картинаның негізгі бөлігін түсіріп үлгерді. Фильм жұмысын продюсер Наталья Иванова аяқтады. Картинаның премьералық көрсетілімі "Кинотавтр 2018" фестивалінде маусым айында өтеді. Ал прокаты биыл күзге жоспарланған.

Трейлер:

Пікірлер