• Біздің парақшалар:

"Айдаһарды қалай қолға үйрету керек 3" 2019 жылы шығады

Dreamworks студиясының әйгілі "Айдаһарды қалай қолға үйрету керек" мульфильмінің үшінші фильмі прокатқа дайындалып жатыр. "Айдаһарды қалай қолға үйрету керек: Жасырын әлем" ("How to Train Your Dragon: The Hidden World") деген анимациялық картинаның алғашқы ресми трейлері жарияланды.

Сюжетте айдаһарларды ерттеп мініп, бейбіт өмірге енді үйрене бастағанда пайда болған жаңа жауға жолыққан викингтер туралы айтылады. Тіссіз атанып кеткен Түнгі фурияға ұқсайтын тағы бір айдаһар пайда болады. Ал алыстан жеткен қалың қол айдаһарлардың бәрін қырып салуды мақсат етеді.

Мультфильмнің премьерасы 2019 жылдың қаңтар-ақпанына жоспарланған.

Ресми трейлер:

Орысша дубляждалған трейлер

"Айдаһарды қалай қолға үйрету керек" мультфильмінің бірінші бөлімі 2010 жылы, екіншісі 2014 жылы шықты. Бұдан бөлек бірнеше қысқаметражы бар және 2012-2014 жылдар аралығында мультсериалы көрсетілді.

Пікірлер