• Біздің парақшалар:

"Тақтар ойыны" сериалының приквелі түсіріледі

HBO телеарнасы "Тақтар ойыны" сериалының приквелін түсіруге тапсырыс берді. Әзірге атауы жоқ сериал көрерменге белгілі негізгі оқиғаларға дейін мың жыл бұрынғы әлемді суреттейді.

Сюжетін құрастыруға автор Джордж Р.Р. Мартиннің өзі мен белгілі сценарийші Джейн Голдман қатысады. Соңғысы сериалдың өндірісіне де жетекшілік етеді. Сериалда Вестеростың қорқынышты құпиялары мен ақ кезбелердің пайда болу себебі, Шығыстың ашылмаған сырлары мен Старктар туралы аңыз баяндалады.

Жобаның эфирге қашан шығатыны әзірге белгісіз, бір анығы - "Тақтар ойыны" аяқталмай жарық көрмейді. HBO арнасы, бұдан бөлек, оқиғасы осы әлемде өрбитін тағы бірнеше сериал жасауды жоспарлап отыр.

Пікірлер