• Біздің парақшалар:

Жаңа трейлерлер: айдаһар татулы қыз, Сібірдегі Киану Ривз және Айдағы Армстронг

"Өрмекшінің торына түскен қыз" ("The Girl in the Spider's Web") -  Давид Лагеркранцтың айдаһар татуы бар хакер қыз туралы кітабына негізделген триллер. Ал аталған кітап - Стиг Ларссонның "Миллениум" трилогиясының жалғасы. Швед журналисті және жазушы Лагеркранц бұл шығармасын негізгі трилогиясының авторы Ларссон қайтыс болғаннан кейін жазып шыққан.

Хакер Лисбет Саландерді Клер Фой, оның досы, журналист Микаэл Блумквистті Сверрир Гуднасон ойнайды. Сюжетте екеуі жасанды интеллект саласының белгілі ғалымының өліміне қатысты істі тергейді. Фильмді түсірген Уругвай режиссері Федерико Альварес, ол "Зұлым өліктер", "Деміңді шығарма" секілді хоррор фильмдерімен белгілі.

"Өрмекшінің торына түскен қыз" Қазақстан прокатына биыл қараша шығады.

Ресми трейлер:

Қосымша: Орысша дубляждалған тизер-трейлер

Осы орайда айта кетелік Стиг Ларссонның кітабына негізделген "Айдаһар татуы бар қыз" ("The Girl with the Dragon Tattoo"фильмі 2011 жылы шыққан еді. Онда басты рөлдерді Дэниэл КрэйгРуни МараКристофер ПламмерСтеллан Скарсгард секілді актерлер сомдады. Фильм "Үздік монтаж" номинациясы бойынша "Оскар" алып, әлемдік прокаттан 232 млн доллардан астам пайда түсірді (бюджеті 90 млн).

Жоспар бойынша, осы автордың "Отпен ойнаған қыз" ("The Girl Who Played with Fire") және "Сонаның ұясына ұрынған қыз" ("The Girl Who Kicked the Hornets' Nest") деген тағы екі кітабы экрандалуы тиіс еді. Алайда бұл идея іске аспады.

Айтпақшы, Швецияда бұл үш кітаптың үшеуі де сәтті экрандалды. 

"Сібір" ("Siberia") деп аталатын қылмыстық мелодрамада Киану Ривз басты рөлде ойнайды. Оның кейіпкері - қымбат тастардың саудасымен айналысатын америкалық бизнесмен. Кезекті мәмілесін жасау үшін Ресейге келеді. Алайда кездесу болмай қалады да, басты кейіпкер қиын жағдайдан шығудың амалымен Сібірге тап болады.

Фильм премьерасы биыл шілдеге жоспарланған.

Ресми трейлер

"Ла-Ла Ленд" режиссері Дэмьен Шазелл мен актер Райан Гослингтің тағы бір шығармашылық тандемі Айға аяқ басқан алғашқы адам туралы. "Бірінші адам" ("First Man") деп аталатын тарихи драма Нил Армстронгтің өмірі мен карьерасына арналады.

Фильмде Жер серігіне жету үшін оның және әріптестерінің басынан қандай қиындықтар өткені, қандай құрбандыққа барғаны баяндалады.

Астронавт рөліндегі Гослингтен өзге Клер ФойКайл ЧандлерДжон БернталДжейсон КларкКори Столл секілді жұлдыздар бар. Картина Қазақстан кинонарығына биыл қарашада келеді.

Ресми трейлер:

Пікірлер